
Марат Қалмұхамедұлы Әбішев 1979 жылы 17 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. Білімі — жоғары, Қазақ мемлекеттік заң академиясын Заңгер мамандығы бойынша бітірген, University of Sheffield, LLM, Corporate and Commercial Law.
Еңбек жолын Қазақстан нарықтары мен кәсіпкерлері қауымдастығының заңгері болып бастаған.
004-2005 жж. — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің №1 Өңіраралық Салық комитетінің ұйымдастыру-құқықтық жұмыс басқармасы.
2005-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2011-2015 ж.ж. – «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы «Ұлттық компаниясы» АҚ Құқықтық қамтамасыз ету және сатып алу департаментінің директоры. Қоғам Басқармасының Мүшесі.
2016 жылғы қаңтар мен шілде аралығында – «Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы «Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары. Қоғам Басқармасының Мүшесі.
2017 жылдан бастап 2020 жылғы 19 маусымға дейін – «Атырау Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы «Ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі-«Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ) Басқарма төрағасының орынбасары. Қоғам Басқармасының Мүшесі.
2020 жылғы 22 маусымнан бастап – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Капиталмұнайгаз» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды.
Телефон: 8 (7172) 47- 29 -28
Электрондық пошта: abishev_marat@mail.ru