Республикалық мемлекеттік мекеме 2003 жылғы «13» наурыздағы №240 «Қазақстан Республикасы энергетика және минералдық ресурстар Министрлігінің «Капиталмұнайгаз» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен құрылды.
Мекеме қызметінің мақсаты мен міндеттері мұнайгаз жобалары бойынша мердігерлерге тиесілі пайдалану құқығы бар мемлекеттік мүліктің бухгалтерлік есебін тиісті жүргізуді қамтамасыз ету болып табылады.
Қызметтің негізгі бағыттары:
а) мұнайгаз жобалары бойынша мердігерлерге өткізуге жататын иелену және пайдалану құқығы, мемлекеттік мүлікке бухгалтерлік есеп жүргізу;
б) мұнайгаз операциялары бойынша шығындардың орнын толтырғаннан кейін мемлекетке мердігерлермен өткізілетін, мемлекеттік мүлік есебіне қабылдау;
в) Қазақстан Республикасының мұнайгаз жобаларында мемлекеттік мүлікті пайдалану мониторингі;
г) мұнайгаз жобаларындағы мердігерлердің иелігіне және пайдалануына мемлекеттік мүлікті беру жөніндегі Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындау;
д) мемлекеттік мекеме құру мақсаттарына жауап беретін қызметтің өзге де түрлері.