Адрес: г. Астана, район Алматы, ул. Шарль де Голль 3а, 4 этаж
Menu
Новости
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Капиталмұнайгаз» республикалық мемлекеттік мекемесі, 2025 жылғы 23 қыркүйекте бекітілген қарт адамдарды әлеуметтік қолдауға арналған айлықты өткізу бойынша іс-шаралар жоспарының 3-тармағын орындау мақсатында, 1 қазан – Қарттар күніне орай біздің ұжым тарапынан қарт адамдарға құрмет көрсету іс-шарасы ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, Мекеме қызметкерлері, әріптесіміздің әжесі мен атасының шаңырағына барып, Қарттар күнiмен құттықтадық. Ардагерлерге жылы лебіздер мен мерекелік сыйлықтар табысталды. Кездесу барысында өмірлік тәжірибесі мен еңбек жолы туралы әңгімелер айтылып, ізгі тілектер білдірілді.